Кездесуге жазылу
1–9 сынып · 2026–2027 оқу жылына қабылдау

Құндылықтарға негізделген заманауи қазақмектебі

Математика мен ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын, құндылыққа негізделген заманауи мектеп. Толық немесе жарты күндік оқыту форматы, тьюторлық қолдау және қауіпсіз орта.

Cambridge бағдарламасы бойынша оқыту
1-сыныптан бастап тереңдетілген ағылшын тілі
Тереңдетілген математика
Толық күндік оқу / Жарты күндік оқу
Сыныпта 20 оқушыға дейін
11 үйірмелер
Жеке даму жоспары
Күнделікті кітап оқу уақыты - Book time
Мектеп формасы оқу ақысына кіреді
Логопед, психолог және дефектологтың қолдауы
Qalam School - 1-9 сынып оқушылары
1-9
Бастауыш және орта мектеп.
Жыл сайын Qalam High-School-ға мықты оқушыларды дайындаймыз.
Неліктен ата-аналар бізді таңдайды?

Жай білім емес - саналы орта

Біз әр оқушыны жеке тұлға ретінде бағалаймыз. Әр баланың таңдауы мен көзқарасына құрметпен қараймыз. Сондықтан Qalam School мектебінде балалар саналы ортада өсіп, тәрбиелі достар табады.

Тереңдетілген ағылшын тілі & математика

Cambridge бағдарламасы бойынша оқыту, тереңдетілген математика мен ағылшын тілі, сыни ойлауды дамыту және IELTS пен SAT-қа ерте дайындық.

Кәсіби психологиялық қолдау

Әр оқушының эмоционалдық жай-күйі мен ішкі сенімділігін дамытуға бағытталған тұрақты психологиялық қолдау.

Күнделікті Book Time

Qalam School — ең көп кітап оқитын мектеп. Оқушылар әр оқылған бет үшін Q-Coin жинап, оны мектеп жәрмеңкесінде пайдалы сыйлықтарға айырбастайды.

Тьюторлық жүйе

Әр оқушыға жеке қолдау көрсетіледі. Тьюторлар оқу үдерісін сүйемелдеп, психологиялық қолдау көрсетеді және әр оқушы үшін жеке даму жоспары қалыптастырады.

"Ата-ана – оқушы – мектеп" үштігі

Сенімге негізделген серіктестік арқылы әр оқушының әлеуетін толық ашуға бірге жұмыс істейміз.

Қауіпсіздік пен қамқорлық

Тәулік бойы күзет, дәліздердегі бейнебақылау және 24/7 бақылаудағы аумақ. Ата-ананың әр күнгі тыныштығы мен сенімі.

Академиялық бағдарлама

Мемлекеттік стандарт және тереңдетілген оқу

Мемлекеттік бағдарлама - негіз. Қосымша Singapore Math, логика, PBL, тереңдетілген ағылшын тілі. 5–9 сыныптарда IELTS, SAT емтихандарына жүйелі дайындық жүргізіледі.

1-4 сынып

Бастауыш мектеп

  • Математика - аптасына 5 сағат + Singapore Method - аптасына 2 сағат
  • Логика - аптасына 2 сағат
  • Интеллектум - аптасына 1 сағат
5-9 сынып

Орта мектеп

  • Мемлекеттік стандарт + тереңдетілген математика және ағылшын тілі
  • PBL - жобалық оқыту
  • Ағылшын тілі - аптасына 7 сағат, мақсат: 9 сыныпқа дейін IELTS 7.0

Қазақ тілі

Терең меңгеру. Тіл арқылы ұлттық болмыс қалыптасады: әдебиет, тарих, мағына.

Орыс тілі

Қарым-қатынас тілі ретінде. Еркін коммуникация, академиялық оқу және жазу дағдылары.

Ағылшын тілі

Тереңдетілген бағдарлама. 1-2 сыныпта аптасына 3 сағат, 3-4 сыныпта 4 сағат, 5-9 сыныпта IELTS-қа дайындықпен 7 сағат.

5-9 сыныптарға арналған икемді оқу форматы

Жарты күндік оқу форматы

Оқушының спортты, үйірмелерді және NIS, BIL сияқты мектептерге дайындықты қатар алып жүруіне мүмкіндік беретін оқу форматы.

Оқу күні қалай өтеді?

Толық күн - оқу, жан-жақты даму және үйірмелер бір күндік кестеде

Әр сағат баланың жан-жақты дамуына бағытталған. 11-ден астам үйірме мен секция оқу бағдарламасына енгізілген.

08:00

Таңғы ас + Book time

Пайдалы таңғы ас, кітап оқу және жаңа оқу күніне дайындық.

09:00

Академиялық блок 1

Тәжірибелі педагогтермен сапалы білім.

12:00

Түскі ас

Ыстық адал ас оқу ақысына кіреді.

12:50

Академиялық блок 2

Тәжірибелі педагогтермен сапалы білім.

15:00

Бесін ас

Денсаулыққа жеңіл тағамдармен сергіп, күннің екінші бөлігін нәтижелі жалғастыру.

15:30

Үйірмелер & Этюд

Сабақтан кейін оқушылар өз таңдауы бойынша екі үйірмеге қатысып, кейін тьютормен бірге үй тапсырмасын орындайды.

17:00

Үйге қайту

Күннің қорытындысын жасап, келесі күнге дайын күйде үйге оралу.

Үйірмелер мен секциялар · Әр оқушы 2 бағытты таңдайды
Домбыра Каратэ Сахна шеберлігі Робототехника Шахмат English Speaking Club Хореография Интеллектум ART Жасанды интеллект Тоғызқұмалақ
Ата-аналар сауалнамасы · 2025

Qalam School туралы 142 отбасы не дейді?

Ата-аналар арасында өтілген анонимді сауалнама нәтижелері

96%
Ата-ана баласының қауіпсіз екенін сезінеді
94%
Тамақ сапасы мен күн тәртібіне риза
91%
Ағылшын тіліндегі айқын прогресті көреді
142 отбасының пікіріне негізделген · мамыр 2025 · анонимді сауалнама
Мектеп өмірі

Іс-шаралар мен оқиғалар

Оңға жылжытыңыз - мектебіміздің тыныс-тіршілігімен танысыңыз.

Ашық есік күні
Ай сайын

Ата-аналарға арналған ашық есік күні

Мектеппен танысу, командамен кездесу және балаңыздың дамуы туралы ашық әңгіме.

Book Time
Әр тоқсан сайын

Кітап жәрмеңкесі және Q-Coin айырбастау

Оқушылар жинаған Q-Coin-дарын өз қалауы бойынша кітаптарға айырбастайды.

Құндылықтар
Ай сайын

9 ай - 9 құндылық

Ай сайын бүкіл мектеп бір құндылыққа назар аударып, оны күнделікті тәжірибе, жобалар және нақты іс-әрекеттер арқылы қалыптастырады.

Ашық сабақ
Әр тоқсан сайын

"Сабаққа саяхат"

Әр тоқсанда ата-аналарға арналған ашық сабақтар арқылы оқу үдерісін өз көзімен көруге мүмкіндік беріледі.

Кітап оқу сайысы
Жылына 1 рет

Ата-аналарға арналған кітап оқу сайысы

Жылына бір рет өтетін дәстүрлі сайыс ата-аналарды кітап оқуға ынталандырып, мектеп пен отбасы арасындағы ортақ оқу мәдениетін қалыптастырады.

Әлеуметтік жеңілдіктер

Барлық жеңілдіктер оқу құнының жалпы сомасына қолданылады.

5%
Көпбалалы отбасыларға және жалғызбасты ата-аналарға
5%
Бір отбасының екі және одан көп баласы оқыған жағдайда
10%
Оқу ақысын бір оқу жылына бірден төлеген жағдайда
Мектеп басшылығы

Директор стандарт қояды. Мұғалімдер оны ұстайды.

Мажитов Бекзат - Qalam School директоры
Qalam School директоры
Мажитов Бекзат

Білім беру саласында 13+ жыл халықаралық тәжірибе. Fatih Bilingual School (Индонезия), «Нұрорда» және Galaxy International School мектептерінде жұмыс істеген. Бағыттары: Cambridge, IGCSE, A Level, CLIL әдістемесі. ҰБТ және мемлекеттік емтихан сұрақтарын әзірлеуші.

  • 2011-2016
    Fatih Bilingual School, Индонезия | Биология пәні мұғалімі
  • 2016–2019
    «Нұрорда» мектеп-лицейі, Өскемен | Биология пәні мұғалімі
  • 2017-2019
    Ustaz PRO Білім беру жобасы, Өскемен | Өңірлік басшы, педагогикалық тренер
  • 2019-2022
    «Нұрорда» мектеп-лицейі, Өскемен | Оқу ісі жөніндегі орынбасары
  • 2022–2024
    Galaxy International School | Оқу ісі жөніндегі орынбасар - Cambridge программасы
  • 2023
    Apply Global | Білім беру бағдарламасының үйлестірушісі
Жиі сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

Qalam School туралы ата-аналардың жиі сұрақтары

WhatsApp-қа жазу
Сыныпта қанша оқушы болады?
Сыныптарда 18-20 оқушыдан аспайды.
Оқу ақысына не кіреді?
Толық оқу күні, тамақ, форма, оқу материалдары және үйірмелер кіреді.
Жеңілдіктер бар ма?
Иә, отбасылық және әлеуметтік жеңілдіктер бар.
Қабылдау 2026-2027

Мектеппен бірге танысайық

Qalam School командасымен кездесу.

WhatsApp-қа жазу