Жазылу
Qalam High School · 10–11 сынып

Біз мектеп бітіруге емес, болашаққа дайындаймыз

Грантқа, мықты университетке және жарқын болашаққа бастар жол. ҰБТ, IELTS және SAT емтихандарына жүйелі дайындық, Қазақстан мен шетелдің үздік университеттеріне түсуге толық қолдау, шағын сыныптар және тәжірибелі ұстаздар

800+
түлек ЖОО-ға түсті
89%
грантқа түседі
135
ҰБТ рекорды
7.0+
орташа IELTS
1400+
орташа SAT нәтижесі

Неліктен бізді таңдайды?

Себебі 10-11 сыныпта уақыт жоғалтуға болмайды.

01

ҰБТ, IELTS және SAT-қа бағытталған толыққанды мектеп

ҰБТ, IELTS және SAT емтихандарына бағытталған дайындық, сондай-ақ шетелдік университеттерге түсуге толық қолдау.

02

Дұрыс орта

Мақсаты бір ортада білім алып, тәжірибелі ұстаздардың қолдауымен күн сайын дамуға шабыттандыратын орта.

03

Апта сайын Азамат Скаковпен коучинг

Тұрақты коучинг-сессиялар оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін, дисциплинасын және өзіне деген сенімін дамытады.

04

18 оқушыға дейінгі шағын сыныптар

Шағын сыныптар әр оқушыға барынша көңіл бөліп, білімдегі олқылықтарды жүйелі түрде толықтыруға мүмкіндік береді.

05

Тәжірибелі ұстаздар құрамы

5-7 жылдық тәжірибесі бар білікті ұстаздар жүздеген оқушыны жоғары нәтижелерге жеткізді.

06

Прогрестің ашық бақылауы

Тұрақты диагностика, үздіксіз сынама тесттер және ата-анаға нақты нәтиже мен ағымдағы кезең туралы хабарлама.

Оқыту форматтары

Грантқа деген мақсатта, өз мектебінде білімін нығайтқысы келгендерге, халықаралық бағытты таңдағысы келгендерге — сондай-ақ IELTS пен SAT бойынша интенсивті курс қажет болғандарға арналған.

Ең тиімдісі

11 сынып аттестаты және ҰБТ-ға дайындық

Мемлекеттік үлгідегі аттестатпен оқу және ҰБТ-ға толық дайындық.

  • Мемлекеттік аттестат алу
  • ҰБТ-ға толық дайындық
  • Күнделікті сабақтар
  • Кәсіби профориентолог қолдауы
Формат: академиялық жыл
185 000 ₸ / ай
Жазылу
Халықаралық

11-сынып аттестаты және SAT, IELTS дайындығы

Әлемдік жоғары оқу орындары мен Назарбаев Университетіне түсуге арналған академиялық бағыт. IELTS пен SAT емтихандарына қарқынды дайындық және оқуға түсу процесіне толық сүйемелдеу.

  • Мемлекеттік аттестат
  • IELTS үшін ағылшын тілі
  • SAT үшін математика және логика
  • Емтихан стратегиялары
  • Құжаттарды рәсімдеуге көмек
Формат: жеке / топта
250 000 ₸ / ай
Жазылу

2025-2026 жылғы оқушылар нәтижелері

Нақты аты-жөндер, нақты баллдар: «бұрын» және «қазір».

Біздің артықшылықтар

Әр апта сайын сабақты нәтижеге қалай айналдырамыз.

Үш деңгейлі бақылау

Үш деңгейлі бақылау сынақтары

Апта сайын өткен тақырыптар бойынша тесттер, барлық тақырыптарды қамтитын білімді жүйелі тексеру және тұрақты сынақ емтихандары.

Психолог қолдауы

Психолог қолдауы

Маңызды емтихандар алдында стресс пен күйзелісті еңсеруге көмек. Ең мықтыларына — Азамат Скаковпен коучинг.

Нәтижелерді жариялау

Нәтижелерді ашық көрсету

Бағалар мен жетістіктер жылдам ішкі жүйемізге түседі — ата-аналар мен оқушыларға бірдей көрінеді.

Нақты болжам

Деректерге негізделген болжам

Емтиханды сәтті тапсыру ықтималдығы мен мақсатқа жету уақытын деректер негізінде үнемі есептейміз.

Әлеуметтік жеңілдіктер

Барлық жеңілдіктер оқу құнының жалпы сомасына қолданылады.

5%
Көпбалалы отбасыларға және жалғызбасты ата-аналарға
5%
Бір отбасының екі және одан көп баласы оқыған жағдайда
10%
Оқу ақысын бір оқу жылына бірден төлеген жағдайда

Мектеп әкімшілігі

Білім беру саласында 6–10 жылдық тәжірибесі бар басшылар оқу сапасына, мектептің дамуына және әрбір оқушыны қолдауға жауап береді.

Ерназар Қайратұлы
9 жыл тәжірибе
Директор

Ерназар Қайратұлы

Қазақстандағы ең үздік университеттердің бірі "KAIST", "NU" түлегі.

Әзілхан Бауыржанұлы
8 жыл тәжірибе
Оқу ісі жөніндегі орынбасар

Әзілхан Бауыржанұлы

Тарих пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және профориентолог. 2000-нан астам оқушыны ҰБТ-ға дайындаған, тарих пәні бойынша оқу құралдарының авторы.

Анар Қыдырбекқызы
9 жыл тәжірибе
Оқу ісі жөніндегі орынбасар

Анар Қыдырбекқызы

Қорқыт Ата университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша жоғары білім алған, Қызылорда БИЛ, SDU университеті қызмет атқарған тәжірибелі маман.

Нұралы Нұрхатұлы
7 жыл тәжірибе
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар

Нұралы Нұрхатұлы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың физика педагогикасы бойынша магистрі. Физика пәнінің мұғалімі әрі College Counsellor.

Мамандық бойынша тегін кеңес

Кәсіпті, тиісті жоғары оқу орнын таңдау және тегін сынақ емтихан тапсыру үшін.

Сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

Qalam High-School туралы ата-аналардың сұрақтарына қысқаша жауап.

Оқу бағдарламасына не кіреді?
ҰБТ-ға дайындық, кәсіби бағдар, сынақ тестілер мен психологиялық қолдау.
Сыныпта неше оқушы болады?
Әдетте 15-ке дейін оқушы — жеке көзқарас сақталуы үшін.
IELTS бағыты бар ма?
Иә, IELTS-қа тереңдетілген дайындық беретін бөлек оқыту форматы бар.

Өзіңізге ең қолайлы бағытты таңдайық

Біз сізбен байланысып, мақсатыңызды анықтаймыз және ең тиімді бағытты ұсынамыз: 10-сынып, 11-сынып, ҰБТ немесе IELTS/SAT.